Елордада «Ұстазыңды құттықта» челленджі басталды

Елордада «Ұстазыңды құттықта» челленджі басталды
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласында Ұстаздар күніне орай 28 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Ұстазыңды құттықта» челленджі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Челлендждің мақсаты – ұстаз еңбегіне құрмет көрсетіп, шәкірт пен мұғалім арасындағы ерекше байланысты дәріптеу.

Челленджге кез келген қала тұрғыны қатысып, білім мен тәрбие берген ұстазына жүрекжарды тілегін жолдап, алғысын білдіре алады.

Бастаманы #Ұстазыңдықұттықта хэштегі арқылы жариялау қажет.