Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымының басталуына байланысты профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, тұрғын үйлерге улы газдан қорғайтын датчиктер орнатылды.

Сондай-ақ арнайы мамандардың қатысуымен мұржаларды тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге Астана қаласы Нұра ауданында Төтенше жағдайлар басқармасы инженері Нұрмаханбет Диас ой бөлісті.
– Қазіргі таңда Нұра ауданы, Үркер шағын ауданында жылыту маусымына орай Нұра ауданы әкімдік өкілдерімен бірге профилактикалық аралау шараларын жүргізіп отыр. Жылдың басынан бері аталған ауданда 100 астам көмір қышқыл газы және түтін датчиктері орнатылған. Тұрғындары өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамыз, – деді ол.