Астанада заманауи зертханалық кешен салынады

Астанада заманауи зертханалық кешен салынады
фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордада биологиялық қауіпсіздігі жоғары деңгейге сәйкес келетін заманауи зертханалық кешен салынады. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оның сөзінше, биыл сәуір айында еліміз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының реттеуші жүйелерінің 3-ші деңгейіне қол жеткізді. Бұл бағалау ұлттық реттеу жүйесінің тұрақты жұмыс істейтінін және халықаралық талаптарға толық сәйкес келетіндігін растайды. Қазақстан — ТМД елдері арасында мұндай дәрежеге ие болған алғашқы мемлекет.
 

— Мемлекет үшін бұл — отандық дәрілердің экспорт көлемінің артуы мен фармацевтика саласына инвестиция тартуына септігін тигізеді. Халық үшін бұл — дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары екендігіне кепілдік береді, — деді министр.