Нұрқанат Әжіқанов Қазақстанға каратэден бесінші жүлдені әкелді

Нұрқанат Әжіқанов Қазақстанға каратэден бесінші жүлдені әкелді
фото: Туризм және спорт министрлігі

Нұрқанат Әжіқанов Айти–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Каратэ WKF бойынша кумитэ бәсекесінде 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Филиппин спортшысы А. Батиканды 10:1 есебімен сенімді жеңіп, қола медаль иеленді.

Бұл — Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы каратэден екінші қола және жалпы бесінші жүлдесі.

Осылайша, қазақстандық каратэшілердің еншісінде қазір бес медаль бар: екі алтын, бір күміс және екі қола.

Каратэ Қазақстан ұлттық құрамасының XX жазғы Азия ойындарындағы жүлде қорын толықтыруды жалғастыруда.