«Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады

«Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылғы 2 қыркүйектен бастап №81/82 «Нұрлы жол – Орал» бағытындағы Тальго жолаушылар пойызының құрамына әйелдер вагонын енгізеді. Бұл шешім аталған қызметке жолаушылар тарапынан сұраныстың жоғары болуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

№81/82 «Нұрлы жол – Орал» пойызы елорда мен Батыс Қазақстан облысы арасындағы тұрақты теміржол қатынасын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта пойыз күнара қатынайды:
«Нұрлы жол» вокзалынан – жұп күндері сағат 23:55-те жөнеледі;
Орал станциясына – жұп күндері сағат 05:20-да келеді;
Орал станциясынан – жұп күндері сағат 09:55-те жөнеледі;
«Нұрлы жол» вокзалына – тақ күндері сағат 15:04-те келеді.

Бағыт бойында 9 аялдама қарастырылған.

Жаңа вагонның іске қосылуымен әйелдер вагоны қызметі қолжетімді бағыттардың саны 13-ке жетеді. Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда қатынайды:
№77/78 «Алматы-2 – Маңғыстау»;
№351/352 «Алматы-2 – Өскемен-1»;
№45/46 «Павлодар – Түркістан»;
№37/38 «Маңғыстау – Семей»;
№47/48 «Атырау – Нұрлы жол»;
№33/34 «Алматы-1 – Ақтөбе»;
№9/10 «Нұрлы жол – Алматы-2»;
№71/72 «Нұрлы жол – Шымкент»;
№24/23 «Ақтөбе – Алматы-1»;
№25/26 «Алматы-2 – Шымкент»;
№354/353 «Нұрлы жол – Семей»;
№614/613 «Орал – Маңғыстау»;
№81/82 «Нұрлы жол – Орал».

Әйелдер вагонында ересектердің еріп жүруімен жеті жасқа дейінгі (қоса алғанда) ер балалардың жол жүруіне рұқсат етіледі.

Билеттерді теміржол кассаларынан кассирге әйелдер вагонын таңдағаныңызды хабарлау арқылы, сондай-ақ, bilet.railways.kz ресми сайты арқылы онлайн сатып алуға болады. Билет рәсімдеу кезінде әйелдер вагонын білдіретін «ӘЙ» белгісіне назар аудару қажет.

Жолаушыларды тасымалдау қағидаларына сәйкес, билет сатылымы пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45 тәулік бұрын ашылады. Бұл жолаушыларға сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.