«Менің Қазақстаным» мерекелік челленджі өтуде

«Менің Қазақстаным» мерекелік челленджі өтуде
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада Республика күні қарсаңында «Менің Қазақстаным» атты ауқымды челлендж өтіп жатыр. Бастамаға мәдениет саласының өкілдері, шығармашылық және спорт қайраткерлері, мектеп оқушылары мен белсенді жастар атсалысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Олар әлеуметтік желілерде бейнероликтер жариялап, Қазақстан халқын мерекемен құттықтайды. Сондай-ақ Отан, бірлік пен тәуелсіздік туралы ойларын ортаға салып, әр азаматтың ел дамуына қосатын үлесі жайында ой бөліседі.

Челлендждің мақсаты – отансүйгіштік рухты көтеріп, азаматтық жауапкершілікті арттыру және мемлекеттік рәміздерге құрметті нығайту.

Бастама елорда тұрғындарын ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырып, Республика күніне орай мерекелік көңіл күй қалыптастыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, Республика күні қарсаңында Астанада 120-дан астам мәдени, қоғамдық, спорттық және патриоттық іс-шара өтіп жатыр.