Мектеп асханаларында тыйым салынған тағамдар

Мектеп асханаларында тыйым салынған тағамдар
фото: Астана қаласының әкімдігі

Мектеп асханаларында тыйым салынған тағамдар мен азық-түліктер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құжаттарымен: (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № ҚР ДСМ-302/2020 «Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы», 2025 жылғы 4 наурыздағы № 16 өзгерістермен енген бұйрығы) тамақтану стандарты және тиісті санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар талаптары арқылы реттеледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаеваның айтуынша, стандарттардың 6 және 7-қосымшаларына сәйкес мектептің тамақтану блогында тікелей дайындауға және өткізуге: 
-    үй жағдайында дайындалған қышқыл: йогурт, сүзбе, айран сүт өнімдерін;
-    салқын ет тағамдары мен жартылай (зельц пен форшмактар, холодец мен паштеттер) фабрикаттары; 
-    терең термиялық өңдеуден өтпеген ет және жұмыртқа тағамдары: флотша макарон (тартылған етпен), фарш салынған құймақтар, шала піскен (всмятка) жұмыртқа, қуырылған (глазурь) жұмыртқасы, пастерленбеген жұмыртқадан дайындалған омлеттер;
-    кремі бар кондитерлік өнімдері;
-    өздігінен дайындалған (морс, квас) сусындары;
-    фритюрде қуырылған өнімдер: пончиктер, чебуректер, фри картобы;
-    құрамында 4-тен астам компонент бар салаттар, сондай-ақ қаймақ немесе майонез қосылған(окрошканы  қоса) кез келген күрделі және дәмделген салаттар;
-    кез келген түрде саңырауқұлақтар;
-    тез дайындалатын құрғақ тағам концентраттарына негізделген бірінші және екінші (еритін сорпалар, кеспе) тағамдар - концентраттар;
-     үй жағдайында (өнеркәсіптік емес тәсілмен) дайындалған тамақ өнімдері.
-    фастфуд өнімдері: гамбургерлер, хот-догтар, пицца мен чипсы, кептірілген нан өнімдері, «кириешки» тәрізді өнімдер;
-    тұтынушы қаптамасындағы шоколад, кәмпит, печенье сияқты тәттілер;
-    газдалған және денсаулыққа зиянды сусындар: тәтті алкогольсіз сусындар, газдалған сулар, алкогольсіз энергетикалық (сергіткіш) сусындар, диффузиялық концентрацияланған шырындар, сондай-ақ, кофе және кофе сусыны;
- ащы қоспалар: ащы соустар, кетчуптар, күйдіргіш дәмдеуіштер (бұрыш, желкек (хрен), қыша (горчица) тыйым салынады.

Тағам дайындау үшін пайдалануға тыйым салынған шикізат:
-    мұздатылған ет: қайта мұздатылған өнімдер, мұздатылған құс еті, шошқа еті мен қой еті (жекелеген диеталар үшін), сондай-ақ субөнімдер (бауыр, тіл және жүректен басқа); 
-    ішек-қарны тазартылмаған құс еті және жабайы жануарлардың еті;
-    қабығы зақымдалған жұмыртқалар, сондай-ақ суда жүзетін құстардың жұмыртқалары мен еті;
-    жарамдылық мерзімі өткен немесе оның қауіпсіздігін растайтын құжаттары жоқ тамақ өнімдері. 
           

-Ережелердің сақталуын мектеп әкімшілігін, медицина қызметкерлерін және ата-аналар комитеттерінің өкілдерін қамтитын бракераж комиссиялары қадағалайды. 
Балаларға дайын тағамды берер алдында органолептикалық бағалау (дәмі, иісі, сыртқы түрі) жүргізіледі. Бағалау нәтижелері арнайы журналға енгізіледі.
Бұл шаралар балалардың денсаулығын қант, тұз және трансмайларды шамадан тыс тұтынудан қорғауға бағытталған, - дейді маман.