Мансап орталықтарындағы жұмысқа орналасудың жаңа мүмкіндіктері

Мансап орталықтарындағы жұмысқа орналасудың жаңа мүмкіндіктері
фото: Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы

Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды қолдау және елорда тұрғындарының кәсіби тұрғыда дамуына мүмкіндік жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қаладағы мансап орталықтары азаматтарға жұмыс іздеу, лайықты бос жұмыс орындарын іріктеу, тұрақты жұмыс орындарына орналастыру бойынша кешенді қолдау көрсетеді, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары туралы ақпарат береді.

          2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Астана қаласының мансап орталықтарына жұмысқа орналасуға жәрдем алу үшін 73 357 адам жүгінген. Оның ішінде 19 714 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 19 080 адам қамтылды, оның ішінде 10 545-і – жастар.

          2026 жылдың басынан бері елордада 54 692 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 49 914-і – тұрақты, 4 778-і – уақытша жұмыс орындары.

          Азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Жыл басынан бері 8 964 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Олардың қатарында 35 жасқа дейінгі 4 966 жас бар.

Астана қаласы мансап орталықтарының мекенжайлары:

Байтұрсынұлы көшесі, 29/2;

Достық көшесі, 13;

Бейбітшілік көшесі, 9.

Анықтама телефондары: 24-96-64, 24-96-34.