Дін тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Дін тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті
фото: Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы

Астана қаласының Дін істері басқармасына қарасты «Қамқор Астана» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Астана бас жоспары» ғылыми зерттеу-жобалау институтында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара қызметкерлердің діни сауаттылығын арттыруға, еліміздегі зайырлы құндылықтарды түсіндіруге бағытталды. Қоғамдық қордың лекторы, теолог Арман Нұрахметұлы еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуындағы діннің рөлі мен маңызына тоқталды. Ол зайырлылық қағидасының мәнін ашып, оның теократия мен атеизмнен айырмашылығын нақты мысалдармен түсіндірді.

Лектор деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктерін, олардың таралу жолдарын атап өтті. Сондай-ақ, бұл әрекеттердің нәтижесі қоғамға және мемлекет дамуына төндіретін қауіп-қатерлері жан-жақты баяндалды. Іс-шара барысында діни алауыздықты қоздыру, экстремизм мен терроризмді насихаттау әрекеттерінің заңмен қатаң реттелетіні туралы да айтылды. Кездесудің нәтижесінде қатысушылар зайырлылықтың маңызын тереңірек түсініп, дін саласындағы қауіп-қатерлер туралы кеңірек ақпарат алды. Іс-шара қызметкерлердің рухани иммунитетін арттыруға және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды.