«Конституция негіздері» – жаңа пән

«Конституция негіздері» – жаңа пән

Жаңа оқу жылынан бастап білім беру мазмұны бірқатар жаңа міндетті оқу курсымен толығады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Қазіргі уақытта еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн оқушы білім алады. Биыл 380 мың бала 1-сыныпқа қабылданбақ. 11-сыныпқа 227 мың оқушы көшті. Өткен оқу жылында 230 мыңнан астам бала мектеп бітірді. Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесінің барлық деңгейінде жаңа Конституция қағидаттарын кезең-кезеңімен енгізу бойынша кешенді жұмысты жүйелі түрде жүзеге асырып жатыр. Қазіргі уақытта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары жаңа Конституция нормаларына сәйкес қайта қаралды» деді министр.

2026-2027 оқу жылынан бастап 5-7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізіледі. Ал 8-11-сыныптарға – «Заң мен тәртіп», 5-11-сыныптарға «Жеке қауіпсіздік» оқу курсы міндетті болады.