Конституцияның маңызы оның қағидаларының адам өмірінде қалай жүзеге асатынымен өлшенеді. Білім алу, еңбек ету, медициналық көмекке жүгіну және өз құқығын қорғау мүмкіндігі әр азамат үшін маңызды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Сондықтан Конституцияны тек заң нормалары жинақталған құжат ретінде емес, адам мен мемлекет арасындағы қатынасты реттейтін негізгі құқықтық тірек ретінде қарастыру қажет. Қазір азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі цифрлық кеңістікпен де тығыз байланысты. Жеке мәліметтердің таралуы, интернет-алаяқтық және ақпаратты рұқсатсыз жариялау сияқты қауіптер күн сайын кездеседі. Осы тұрғыдан алғанда, құқықтық сауаттылықтың маңызы арта түсуде. Азамат өз құқығын біліп қана қоймай, оны қорғау жолдарын да түсінуі керек.