Астанада автобуста жүру құны қымбаттады

Астанада автобуста жүру құны қымбаттады
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана әкімдігі қала ішіндегі және қала маңындағы автобустардың жаңа тарифтерін бекітті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

▪️ Қалалық автобустар - қолма-қол ақшасыз 150 теңге, қолма-қол 300 теңге.
▪️ Экспресс-автобустар - 300 және 400 теңге.
▪️ Қала маңындағы автобустар - әр шақырымға 13 теңге және 19 теңге.
▪️ Әлеуметтік маңызы бар бағыттар - 150 және 300 теңге.

Жеңілдік картасы бар жолаушылар тегін жүреді.

Қаулы 14 қазанда жарияланды. Жаңа тарифтер 10 күннен кейін күшіне енеді.