Көлікке салық салу тәртібі өзгерді

Көлікке салық салу тәртібі өзгерді

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері 2026 жылдан бастап көлік құралдарын салық салу тәртібі туралы баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жаңа жылдан бастап жеңіл автомобильдерге салық есептеу кезінде төмендетілген коэффициенттер енгізіледі:

-пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан автомобильдерге — 0,7 коэффициенті қолданылады;

-пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан автомобильдерге — 0,5 коэффициенті қолданылады.

Фермерлік және шаруа қожалықтары бір «пикап» түріндегі көлік құралы бойынша салық төлеуден босатылады.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салықтық есептілік қысқартылады:

-көлік және жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу туралы есепті ұсыну міндеттемесі жойылады;

-салық төлеушілер тек жылдық декларацияны ғана тапсыратын болады.

Сондай-ақ, егер мүлік салығы бойынша жалпы салықтық міндеттемелердің сомасы 300 АЕК-тен аспайтын болса, ағымдағы төлемдерді есептеу жойылады. Бұл жағдайда салық төлеуші жылына бір рет декларация тапсырып, соның нәтижесі бойынша салықты төлейді.