Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің №8 көпшілік кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқы – ойыңды оят!» атты оқырмандармен пікірталас және кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының 7 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Оның барысында қатысушыларға кітап оқудың адам өміріндегі маңызы мен пайдасы туралы ақпарат беріліп, «Кітап оқу – уақытты тиімді өткізудің жолы ма?», «Кітап адамды өзгерте ала ма?» тақырыптарында пікірталас өткізілді. Оқушылар өздері оқыған шығармалары туралы ой бөлісіп, сүйікті кітаптарын таныстырды.

Сонымен қатар «Кітап оқы – ойыңды оят!» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясындағы және кітапхана қорындағы көркем, заманауи, танымдық әдебиеттер таныстырылды. Іс-шара соңында оқушылар «Кітаптан алған бір ой» бөліміне қатысып, оқыған шығармаларынан алған әсерлері мен тағылымды ойларын ортаға салды. Шара кітап оқуға қызығушылықты арттырып, оқушылардың өз ойын еркін жеткізуіне және кітап туралы пікір алмасуына мүмкіндік берді.