Басты мақсат – мемлекеттік бастамаларды нақты нәтижеге айналдыру

Басты мақсат – мемлекеттік бастамаларды нақты нәтижеге айналдыру
фото: жеке мұрағатынан

Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы еліміздің дамуына серпін беретін маңызды бастамаларды айқындады. «Әділет» партиясының кеңейтілген актив отырысында осы міндеттерді іске асыру жолдары мен алдағы жұмыс бағыттары талқыланды. Басты мақсат – мемлекеттік бастамалардың нақты нәтижеге айналып, халықтың тұрмыс сапасын арттыруына ықпал ету.

Бүгінде инфрақұрылымды дамыту, құрылыс сапасын бақылау, азаматтардың құқықтарын қорғау және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері ерекше маңыздве. Осы бағытта заңнаманы жетілдіру, цифрлық технологияларды енгізу және қабылданған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Әсіресе, «Халықтық құрылыс» бастамасы аясында жобаларды жоспарлау кезінде тұрғындардың қажеттіліктері мен ұсыныстарын ескеру маңызды деп санаймын.

Жастарды жұмыспен қамту, жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік беру және өңірлердің әлеуетін арттыру да назардан тыс қалмауы тиіс. Бұл ретте партияның заң шығару бастамалары мен жергілікті деңгейдегі жұмысы өзара сабақтасып, әрбір бағыт бойынша нақты нәтижеге бағдарлануы керек.

Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау – баршамызға ортақ жауапкершілік. Құрылтай депутаты ретінде ел дамуына бағытталған бастамаларды заңнамалық тұрғыдан қолдауға, халықтың ұсыныстарын ескеруге және маңызды мәселелердің шешілуіне атсалысуға дайынмын. Ең бастысы – қолға алынған жұмыстар ел азаматтарының күнделікті өмірінен көрініс табуы керек.

Марат Себасов, 

Құрылтай депутаты