Конкурдан Қазақстан чемпионаты өтеді

Конкурдан Қазақстан чемпионаты өтеді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 13-15 қараша күндері «Арғымақ» ат спорты кешенінде кедергілерден секіру (конкур) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ел біріншілігі Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясы бекіткен ережелерге сәйкес жабық манежде ұйымдастырылады. Командалар 12 қараша күні келеді. Ал жарыс бағдарламасы төмендегідей:
13 қараша
16:00 – ветеринариялық инспекция және техникалық жиын.
14 қараша
10:00 – салтанатты ашылу рәсімі;
10:30 – №1 маршрут, «А» тобы (130 см);
12:00 – №2 маршрут, «В» тобы (120 см).
15 қараша
10:00 – №1 маршрут, «А» тобы (140 см);
12:00 – №2 маршрут, «В» тобы (130 см);
16:00 – жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі.

Чемпионатқа «А» тобында жасы 7-ден асқан сәйгүліктер мен 16 жастан асқан шабандоздар, ал «В» тобында жасы 6-дан асқан жылқылар мен 14 жастан асқан шабандоздар қатысады.

Жарысты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Астана қаласының әкімдігі және Қазақстан Республикасының Ат спорты федерациясы ұйымдастырады.