Астанада 2023-2029 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында жақын арада тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға кредиттік тұрғын үй беру үшін өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына сілтеме жасап.
Барлығы А91 көшесіндегі 36, 36/1, 36/2, 36/3 үйлерден 562 пәтер беріледі.
Оның ішінде:
•1 бөлмелі – 166 пәтер;
•2 бөлмелі – 276 пәтер;
•3 бөлмелі – 80 пәтер;
•4 бөлмелі – 40 пәтер.
Пәтерлер таза әрленген күйде беріледі.
Бір шаршы метрдің құны – 332 916 теңге.
Сыйақы мөлшерлемесі – 5% (ЖТСМ – 5,2%-дан 5,8%-ға дейін), бастапқы жарна – 10%-дан бастап.
Өтініштер Baspana Market сайтындағы жеке кабинет арқылы қабылданады.