«Келешек мектептеріне» жас педагогтерді іріктеу тестілеуі басталды: 2 мыңнан астам өтінім түсті

«Келешек мектептеріне» жас педагогтерді іріктеу тестілеуі басталды: 2 мыңнан астам өтінім түсті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жас педагогтерді іріктеу және кәсіби сүйемелдеу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Осы мақсатта биыл еліміздің 18 өңіріндегі 19 педагогикалық жоғары оқу орнымен бірлесіп, болашақ педагогтердің кәсіби даярлығын анықтауға бағытталған диагностикалық бағалау ұйымдастырылуда.

✏️
✏️

Іріктеу тестілеуіне GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары шамамен 2 мыңнан астам жас маман қатысуға ниет білдірді.

📎
📎

Тестлеудің алғашқы легі Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде басталды

💡
💡

Іріктеу барысында қатысушылардың пәндік құзыреттері мен әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары сараланады. Нәтижесінде әр педагог бойынша кәсіби профиль қалыптастырылып, ол мектеп директорларына жас маманның әлеуетін бағалауға, бейімделу кезеңін тиімді ұйымдастыруға және кәсіби даму бағытын айқындауға мүмкіндік береді.

📌
📌

Барлық нәтиже career.orleu.edu.kz платформасында жинақталады. Бұл — жас педагогтерді ашық әрі тиімді іріктеуге арналған заманауи цифрлық жүйе. Платформа «Келешек мектептері» директорлары үшін қолжетімді және өңірлік сұранысқа, пәндік бағытқа, үміткердің кәсіби даярлығына сәйкес мамандарды іріктеуге мүмкіндік береді.