Халық — мемлекеттік биліктің бастауы

Халық — мемлекеттік биліктің бастауы
фото: Астана қаласының әкімдігі

Халық — мемлекеттік биліктің бастауы. Азаматтар өз ұстанымын сайлау мен референдум арқылы білдіріп қана қоймай, мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өтініш жолдау арқылы да қоғамдық мәселелерді көтере алады.

Мысалы, тұрғындар өз ауласындағы жарықтандыру, жолды жөндеу немесе қоғамдық кеңістікті абаттандыру мәселесі бойынша ұжымдық өтініш бере алады. Ал мәслихаттар жергілікті халықтың мүддесін білдіріп, даму бағдарламалары мен жергілікті бюджеттерді бекітуге қатысады. Бұл тетіктер азаматтардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.