Юрий Ли: "Таза Қазақстан" - елдің дамуына негіз болатын маңызды құндылық

Юрий Ли: "Таза Қазақстан" - елдің дамуына негіз болатын маңызды құндылық
фото: жеке мұрағатынан

Президенттің "Таза Қазақстан" бастамасының маңызына тоқталған Құрылтай депутаты Юрий Ли бұл жоба -  елдің дамуына негіз болатын маңызды құндылық екенін атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

-«Таза Қазақстан» — жай ғана сенбілік немесе бір реттік экологиялық акция емес. Бұл — өзіміз өмір сүріп жатқан ортаға деген ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыратын жүйелі жұмыс. Осындай іс-шаралардың тұрақты түрде өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі адамдарды ортақ іске жұмылдырып келе жатқаны қуантады.

Бұл жұмыстың негізінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге, табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды күнделікті өмір салтына айналдыруға бағытталған бастамасы жатыр.

Өз аулаңа, көшеңе, қалаңа, табиғатқа және қоғамдық кеңістікке құрметпен әрі ұқыпты қарау — елдің дамуына негіз болатын маңызды құндылық.

Тазалық әрқайсымыздан басталады, - дейді депутат.