«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының Есіл ауданы прокуратурасы аудандық Полиция басқармасымен бірлесіп азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қабылдау барысында тұрғындардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру, процестік шешімдерді қабылдау, қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы мәселелері бойынша өтініштері қаралды.
Әрбір өтініш бойынша қажетті түсіндірмелер беріліп, жекелеген мәселелер олардың жан-жақты және объективті қаралуын қамтамасыз ету мақсатында бақылауға алынды.
Мұндай іс-шаралар құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға, азаматтардың сенімін нығайтуға және халықтың өзекті мәселелерін жедел шешуге ықпал етеді.