ІІМ мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жеке куәлікті онлайн ауыстыру бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Ол eGov.kz порталы және Мgov мобильді қосымшасында қолжетімді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Егер куәліктің жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн және одан аз уақыт қалса, сондай-ақ жарамдылық мерзімінің өтуіне 10 күннен аспаса, бұл қызметті онлайн алуға болады.
Онлайн-форматта құжаттау азаматтарға:
- жеке куәлік ауыстыруға өтінім беруге;
- фотосурет жүктеп, қолтаңба қоюға;
- жеке деректерді растауға;
- мемлекеттік бажды төлеуге (өз қалауы бойынша жеделдетілген қызмет алуға) мүмкіндік береді.
Бұл ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді және ХҚКО-да кезекті болдырмайды.