Астана қаласының М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының өнерпаздары Еңбек күніне орай ерекше флешмоб ұйымдастырып, көшпенділер мәдениетін дәріптейтін танымал биді орындады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ұлттық өнер мен заманауи жастардың белсенділігі тоғысқан би арқылы оқушылар еңбекті құрметтеу, бірлік пен дәстүр сабақтастығының маңызын көрсетті.
Еңбек – елдің берекесі. Ал еңбекке құрмет жас ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі. Еңбекті бағалай білетін ұрпақ – елдің ертеңін қалыптастыратын саналы ұрпақ.