Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Kerbez models» шығармашылық тобы халықаралық байқауларда сәтті өнер көрсетіп, қатысушылардың таланты мен ұлттық мәдениеттің сұлулығын паш етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қытайда өткен халықаралық байқауда топ мүшелері алтын жүлдеге ие болды. Әрбір модель жеке марапатқа ие болып, өз өнерінің лайықты бағасын алды. Сонымен қатар, ұжым Мәскеу қаласында өткен «Этно-Эрато» ұлттық киімнің жоғары сәніне арналған Еуразиялық байқауға қатысты. «Үздік сахналық костюм» номинациясында «Қоржын ашу» (мерекелік сыйлықтар) атты қазақтың ұлттық дәстүрін сахналап, II орынға ие болды.

«Kerbez models» шығармашылық тобының жетекшісі — Баян Тойғанбаева. Халықаралық байқауларға қатысу — ұлттық дәстүрлердің байлығын танытуға, шығармашылық әлеуетті ашуға және сұлулықтың, белсенділіктің, жаңа жетістіктерге ұмтылыстың жасқа қарамайтынын көрсетуге мүмкіндік береді.
