Астанада К-FEST 2026 корей мәдениетінің фестивалі өтеді

Астанада К-FEST 2026 корей мәдениетінің фестивалі өтеді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана корейлері этномәдени бірлестігі Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігімен бірлесіп елорда тұрғындары мен қонақтарын К-FEST 2026 корей мәдениетінің фестиваліне шақырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара елордада 2026 жылдың 1 тамызы Орталық саябақтағы амфитеатр және Арбатта (Тұран даңғылы, 2/6) өтеді. Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтетін фестиваль корей мәдениеті, дәстүрі мен заманауи өнерінің нағыз мерекесі болмақ.

Фестиваль бағдарламасында үлкен мерекелік концерт, шығармашылық ұжымдар мен әртістердің қойылымдары, дәстүрлі және заманауи корей мәдениетінің ерекше үйлесімі, корей және қазақ ұлттық музыкалық аспаптарын пайдалана отырып, бірлескен өнер қойылымдары болады.

Сонымен қатар жарқын K-pop шоуы, Random Dance, қызықты шеберлік сыныптары, ұлттық корей тағамдары, корей тауарлары мен кәдесыйлар жәрмеңкесі өтеді.

Балалар мен ересектерге арналған интерактивті аймақтар мен ойын-сауық та фестивальден жарқын эмоциялар, жаңа таныстар және бүкіл отбасы үшін ұмытылмас әсер алуға септік етеді. Іс-шараға елордалықтар достары және жақындарымен бірге келе алады. Кіру тегін. Орталық Амфитеатрдағы концерттік бағдарламаға билеттерді sxodim.com сайтынан символдық бағамен сатып алуға болады