Елордада 234 мың ШОБ субъектілері белсенді жұмыс істеуде

Елордада 234 мың ШОБ субъектілері белсенді жұмыс істеуде

Қазіргі уақытта елордада 234 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері белсенді жұмыс істеуде, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға көп. Оларда 500 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл елорданың экономикалық белсенді халқының 74%-ын құрайды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Астана қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі басқарма басшысы Халел Рахымұлы айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2024 жылдың бірінші тоқсанында кәсіпкерлер 3,3 триллион теңгеден астам сомада тауарлар, жұмыстар мен қызметтер шығарды (2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 26%-ды құрады).Осылайша, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны күн сайын артып келеді, біз оларға жан-жақты қолдау көрсетудеміз.

Астанада кәсіпкерлікті қолдаудың барлық негізгі шаралары инфрақұрылымдық қолдау, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кредиттерге ішінара кепілдік беру түріндегі шаралар көрсетілген 2023-2027 жылдарға арналған аймақтық даму бағдарламасы бекітілді.

Осы бағдарлама аясында 2024 жылы ШОБ-ты қолдауға бюджеттен 32,5 млрд теңге (РБ – 23 82836 млн. теңге, МБ – 8 6398 млн. теңге) қарастырылған.

Сонымен қатар, бұл бағдарлама аясында жылдық мөлшерлемесі                7%-дан аспайтын «Астана бизнес» жеңілдікті кредит беру бағдарламасы жұмыс істейді. 2024 жылы осы бағдарламаға 2,5 млрд теңге қарастырылған.

коллаж: Амангелді Қияс