Елорда прокуратурасы оқушыларға арналған профилактикалық дәріс өткізді

Елорда прокуратурасы оқушыларға арналған профилактикалық дәріс өткізді

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы оқушыларға арналған профилактикалық дәріс өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Атап айтқанда, №51 мектеп-гимназиясында Астана қаласы прокурорының көмекшісі Камбаев Мұхит Ерланұлының қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды.

Дәріс барысында 8–11 сынып оқушыларына қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау қағидалары түсіндіріліп, сондай-ақ жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар үшін көзделген заңдық жауапкершілік түрлері, оның ішінде алаяқтық, дропперлік, есірткі қылмыстары және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер туралы ақпарат берілді.

Іс-шарамен 300-ден астам оқушы қамтылды.

Дәрістің негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдердің құқыққа қайшы және қылмыстық әрекеттерге тартылу тәуекелін төмендету, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру.

Астана қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарында өткізілетін профилактикалық іс-шаралар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды тетіктерінің бірі екенін атап өтеді.