Астана қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Берік Ахметов елорда мектептерін аралап, бейнебақылау жүйелерінің, дабыл түймелерінің және AI-аналитиканың дайындығын тексерді. Тексеру жұмысына қалалық Білім басқармасының өкілдері де қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жаңа оқу жылы басталғанға дейін 2 мыңға жуық камера мен 100 SOS-түймені орнату жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Осындай көлемдегі жабдық 2025 жылы 100 мемлекеттік мектепке орнатылды. Сонымен қатар бірыңғай қауіпсіздік жүйесіне 122 мектептегі бұрыннан бар 6 900-ден астам камера интеграцияланды.
Бүгінде 10 мыңнан астам мектеп камерасы орталықтандырылған мониторинг жүргізу және оқиғаларға жедел ден қою үшін елорданың Ахуалдық орталығы мен Астана қаласы Полиция департаментінің ЖБО шығарылған. Интеллектуалды видеоаналитика төбелес, буллинг, күдікті тұлғалар және басқа да штаттан тыс жағдайларды автоматты түрде анықтайды.
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша елорда мектептерінде 5 800-ден астам жаңа камера және 300 дабыл SOS-түймесі орнатылады.
Балалардың қауіпсіздігі қала үшін сөзсіз басым бағыт болып қала береді. Заманауи технологиялар мектеп ортасын анағұрлым қауіпсіз әрі тиімді басқарылатын етуге мүмкіндік береді.