Еліміздің бірнеше өңірінде жаңа стадион салынады

Еліміздің бірнеше өңірінде жаңа стадион салынады

Алматы қаласында тағы жеті қалада жаңа стадион салынады. Бұл жаңалықты Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бөлісті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

- Алматыда жаңа стадион құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ жеті қалада жеті стадион салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Биыл күзде Қызылордада УЕФА стандартының үшінші санатына сай келетін стадион пайдалануға беріледі, - деді Ербол Мырзабосынов Парламенттің бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, аталған бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынды.

- Жобалау жұмысы аяқталғаннан кейін стадиондардың құны белгілі болады. Жалпы Мемлекет басшысы шетелдегі жекеменшік клубтардың тәжірибесіне сүйене отырып, стадионды мемлекеттік қаржы есебінен қаржыландырмау жөнінде міндет қойды, - дейді ведомство басшысы.

Бірнеше күн бұрын Алматыда 35 мың орындық жаңа стадион қайда салынатыны белгілі болған еді.

Сондай-ақ Қызылордада UEFA стандартындағы жаңа стадион құрылысы аяқталуға жақын.

Фото: centralstadium.kz