Елімізде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Елімізде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

12-14 қыркүйек аралығында елімізде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Полиция заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтті.

Іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды анықтау, халық көп шоғырланатын орындарды тексеру, заңнамалардың сақталуын бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Басты мақсат - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықтық тәртіпті нығайту.