Ел ағасы дауысын берді

Ел ағасы дауысын берді
фото: Айгүл Уайс

Мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Осы күнгі сайланған Мәслихат депутаттары жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың мүдделерін білдіруге белсене қатысатын болады.

Сайлау азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асырудың маңызды тетігі болып табылады. Бүгінгі мемлекетіміздің саяси өміріндегі маңызды оқиғаның өзгешелігі мен жаңа тәртіптері туралы  

 Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сауытбек Абдрахмановтан сұрап білген едік.

Биылғы мәслихат сайлауы жаңа Конституция қабылданғаннан кейін алғаш рет Мәжіліс сайлауынан бөлек, дербес өткізіліп жатыр. Еліміздегі 228 мәслихатқа 3447 депутат сайланбақшы, әр орынға орта есеппен 3 адамнан (Түркістан облысында 4 адамнан) таласып жатыр, демек жоғары бәсекелестік бар. Ірі қалалар мен облыс орталықтарында сайлау 50% партиялық тізім және 50% бір мандатты округтер бойынша, ал аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда 100% бір мандатты округтер бойынша өтеді. Бұл партияда жоқ азаматтардың өзін-өзі ұсынып, депутат болуына мүмкіндік береді -деді.

Сөз соңында спикер Астана қаласындағы №98 сайлау учаскесінде дауыс беріп шыққанын, сайлаушылардың белсенділігі мен көңіл-күйі жақсы екенін және бұл сайлау елдегі демократиялық үдерістерді жаңа сапалық деңгейге көтеретінін айтып түйіндеді. 

Айгүл Уайс