Бүгін, Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Астанада өтіп жатқан саяси науқан аясында Алматы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Марат Мұстафин №88 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Ардагердің айтуынша, бүгінгі саяси науқан – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі жаңа кезеңге қадам басудың маңызды көрінісі.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауларында атап өткен әділеттілік, жауапкершілік, ашықтық және қоғамның белсенді қатысуы секілді қағидаттар бүгінгі саяси үдерістің негізі болуы тиіс. Әрбір азаматтың таңдауы ел болашағына деген жауапкершілігін білдіреді. Алдағы уақытта қоғам өмірінде оң өзгерістер болып, ел игілігіне бағытталған жақсы жаңалықтар көп болады деп сенеміз», – деді Марат Мұстафин.
Сондай- ақ, ол барша азаматты ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсенді атсалысуға шақырды.
Шапағат ӘБДІР