e-Qyzmet-ті Еуропалық ұйым жоғары бағалады

e-Qyzmet-ті Еуропалық ұйым жоғары бағалады




Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметке дайындау және кіру департаментінің директоры Бекінов Нұрсұлтан Берікұлы «Jibek joly» телеарнасына егжей-тегжейлі айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық OPSI платформасы Қазақстанның e-Qyzmet – персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу бойынша сараптамалық материал жариялаған болатын. Бұл Қазақстанның мемлекеттік сектордағы кадрлық процестерді цифрландыру жетістіктері халықаралық деңгейде мойындалып жатқандығының көрсеткіші саналады.