Аудан тұрғындары марапатталды

Аудан тұрғындары марапатталды
фото: Астана қаласының әкімдігі

Республика күні қарсаңында Сарыарқа ауданында ауданның көркейіп, абаттануына өз еңбегімен үлес қосып жүрген М.Дулатов көшесі, 176, 178, 180 үйлерінің тұрғындарына алғыс хаттар табысталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Олар өз күштерімен үй ауласын абаттандырып, әсем гүлзарлар жасап, шағын субұрқақ орнатқан. Осылайша, аула аумағын жайлы әрі көрікті орынға айналдырған.

Тұрғындардың бастамасы мен ауданның көркеюіне бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымын бағалау мақсатында оларға алғыс білдіріліп, Мемлекет басшысының атынан алғыс хат табысталды.