Астанада өткен дөңгелек үстелде отандық тауар өндірушілермен офтейк келісім-шарттарға қол қойылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейспеков бүгін ірі компаниялардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға арналған дөңгелек үстел отырысына қатысты.Дөңгелек үстел барысында «QazaqGaz» компаниялар тобының 2024 жылға арналған сатып алу жоспарын талқыланып, сондай-ақ «Арзу» ЖШС, «BiG partners» ЖШС, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Engineering Tech Service» ЖШС және «Бемёр Арматура» ЖШС отандық өндірушілерімен офтейк келісім-шарттарына қол қойылды.
Одан бөлек, талқылаулар барысында мұнай-газ саласында жаңа кәсіпорындар құру бағдарламасын жүзеге асыруға көмек көрсету қажеттілігі атап өтілді.
Вице-министр өз сөзінде ішкі құндылықты дамытуға бағытталған заңнамалық шараларға тоқталып, сондай-ақ, жергілікті қамтуды арттыру және отандық өндірушілерді жүктеу маңыздылығын атап айтты.