Демалыста бой да, ой да өседі

Демалыста бой да, ой да өседі

Астана қаласында оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мектеп жанындағы және бейіндік лагерлердің бірінші маусымы өз жұмысын аяқтады. Бірінші маусымда 72567 оқушы түрлі бағыттағы танымдық бағдарламалармен қамтылып, демалысын қызықты әрі пайдалы өткізді.

Оқушылар «Оқитын ұлт: ozyq ult», «Болашақ lab», «Green city: балалар таңдауы», «Әділет camp», «Smart bala» және «Саяхат&Спорт» жобалары аясында танымдық, шығармашылық және спорттық іс-шараларға белсенді қатысты. Сонымен қатар «Green city (эко)», «Достық мекені», «Айбынды маусым», «Eco-life English», «Maximum білім», «Этно­лагерь», «IQ summer», «Smart mi», «ЭтnoFEST», «Art&Tolagai», «Lingua camp», «IT эколагерь», «Bio MIX», «Digital IT», «Келешек мектеп IT», «English club», «Marvel camp» және өзге де бағыттар бойынша лагерлер жұмыс істеді.

Қаланың 32 мектебінде ұйымдас­тырылған «Атамекен» этнолагерінде 7500 оқушы ұлттық құндылықтарды насихаттайтын бағдарламаларға қатысты. Бұдан бөлек, елорданың 13 қосымша білім беру ұйымында қол­өнер, шет тілдері және жүзу бағыттары бойынша қысқамерзімді клубтар мен тақырыптық лагерлер ұйым­дастырылып, оларға 4000-нан астам бала қамтылды. Жалпы жазғы демалыс кезеңінде Астана қаласы бойын­ша 1-10-сыныптар аралығындағы 242 мыңнан астам оқушыны түрлі демалыс, сауықтыру және дамыту бағдарламаларымен қамту жоспарланған. Қазіргі уақытта жазғы лагерлердің екінші және үшінші маусымына дайындық жүріп жатыр.