Цифрлық қауіпсіздік – тек мамандардың емес, қоғамның ортақ міндеті

Цифрлық қауіпсіздік – тек мамандардың емес, қоғамның ортақ міндеті
фото: Aqorda

Бүгінде адамның өмірі цифрлық кеңістікпен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, банк операцияларын жүргізу, әлеуметтік желілерді пайдалану және түрлі платформаларда тіркелу күнделікті әдетке айналды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мұндай жағдайда жеке деректердің қауіпсіздігі мен цифрлық сауаттылық бұрынғыдан да маңызды бола түседі. Әр азамат өз ақпаратын кімге және қандай мақсатта беріп отырғанына мән бергені жөн.

Адамның жеке өміріне қол сұқпаушылық, жеке деректерін қорғау және электрондық коммуникациялар құпиясы Конституциялық деңгейде қорғалады. Алайда құқықтық кепілдіктермен қатар азаматтың өз жауапкершілігі де бар. Менің ойымша, күрделі пароль қолдану, күмәнді сілтемелерден сақтану, банк және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу сияқты қарапайым дағдылар қазіргі құқықтық мәдениеттің бір бөлігіне айналуы қажет. Цифрлық қауіпсіздік – тек мамандардың емес, қоғамның ортақ міндеті.