Бүгін Құрылтай сайлауы бойынша Ұлттық теледебат өтеді

Бүгін  Құрылтай сайлауы бойынша Ұлттық теледебат өтеді
фото: https://t.me/teledebat2026/3369

Бүгін «Qazaqstan» телеарнасында алдағы Құрылтай сайлауына байланысты Ұлттық теледебат өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.


Құрылтай сайлауына қатысатын 7 саяси партияның өкілдері тікелей эфирде сайлауалды бағдарламалары мен ел дамуына қатысты ұстанымдарын таныстырады.

Пікірсайыстың тақырыбы - «Қазақстанның болашағы – адам капиталы».

Ұлттық теледебатты бүгін сағат 19:25-те «Qazaqstan» телеарнасынан және ресми парақшалардан тікелей эфирде көре аласыз.