Астанада өтіп жатқан «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық турниріне қатысушылар мен шетелдік делегация өкілдері, сондай-ақ жарыс қонақтары елорда туралы пікірлерімен ортаға салды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Шетелдік қонақтардың көпшілігі Астананың заманауи сәулетіне, көшелерінің тазалығы мен абаттандырылуына, турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына, тұрғындардың қонақжайлылығына ерекше тоқталды. Олардың айтуынша, Астана халықаралық деңгейдегі ірі спорттық жарыстарды қабылдауға толық лайық қала екенін дәлелдеп отыр.
«Иә, бұл – Қазақстанға алғаш рет келуім. Астана өте таза қала екен. Бұған дейін Еуропаның бірнеше қаласында болдым. Бірақ мұнда келгенде Астананың көптеген еуропалық қалалардан еш кем түспейтінін, тіпті кей тұста олардан озық екенін аңғардым. Мұнда ерекше атмосфера, жайлылық пен тәртіп сезіледі. Бұл қала маған өте ұнады», – деді турнир қонағы Ками Сасва.
Айта кетейік, турнир бағдарламасына цифрлық технологиялар мен дәстүрлі спортты ұштастыратын сегіз фиджитал бағыт енгізілген.
Олар:
• фиджитал-футбол;
• фиджитал-баскетбол;
• фиджитал-жекпе-жек;
• фиджитал-шутер;
• Battle Royale («Корольдік шайқас»);
• фиджитал-бил;
• MOBA PC (компьютердегі көпшілік онлайн-жауынгерлік арена);
• MOBA Mobile (мобильді көпшілік онлайн-жауынгерлік арена).
«Болашақ ойындары – 2026» турнирі Астанада 9 тамызға дейін жалғасады. Байрақты дода дәстүрлі спорт түрлері мен заманауи цифрлық технологияларды фиджитал форматында біріктіріп, әлемдік спорттың жаңа даму бағытын көрсетеді.