Қытайдың Нанкин қаласында батуттағы секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты және жас санаттары бойынша әлем біріншілігі өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшысы Әлихан Мәулет күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Халықаралық жарысқа 43 елден 951 спортшы қатысуда.
Астаналық Әлихан Мәулет 17–21 жас аралығындағы спортшылар арасында «қос минитрамп» (Double Mini-Trampoline) дисциплинасы бойынша өнер көрсетті. Нәтижесінде ол әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.