Балағатқа – 86 мың теңге айыппұл

Балағатқа – 86 мың теңге айыппұл

Әлеуметтік желіде және онлайн-платформаларда балағат сөз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілуі мүмкін. Осы мақсатта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобасы әзірленді.

Құжат биыл Парламентте қаралмақ. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.

Қолданыстағы заңнама бо­йынша қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, адамдарға әдепсіз түрде тиісу және қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын өзге де әрекеттер – ұсақ бұзақылық. Мұндай әрекеттер үшін 20 АЕК (86500 теңге) көлемінде айыппұл, 20 сағаттан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген.