Елордада BaiQymyz халықаралық гастрофестивалі аясында "Арғымақ" ат-спорт кешенінің аумағында Asia Kokpar LEAGUE ER QANATY-мен бірлесіп ұйымдастырған ауқымды ат-спорт бағдарламасы өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Екі күн бойы фестиваль қонақтары көкпардан, аударыспақтан жарыстарды, шоген ойынын, ат квиддичін, жылқы шеруін, шабандоздардың көрме қойылымдарын және қазақ ат мәдениетінің бай дәстүрлерін көрсететін басқа да ойын-сауық сайыс түрлерін тамашалай алады.

Бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі әр түрлі тұқымды жылқылардың көрмесі болды. ER QANATY жобасының авторы Әділ Орынбасарұлы атап өткендей, биылғы жылы креативті индустрияларды дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
- Фестиваль аясында алғаш рет бірыңғай тұжырымдамада дәстүрлі шоген және ат спорты квиддич ойыны ұсынылды. Ұлттық ат спорты өнерінің заманауи ойын-сауық форматтарымен үйлесуі жаңа аудиторияны тартуға және жастардың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыруға арналған. Өткен жылы Ат спорты бағдарламасына 10 мыңға жуық адам келіп, биыл одан да көп қонақтар болады деп күтеміз, - деді жоба авторы.
Ат спорты бағдарламасы 12 шілдеге дейін жалғасады және ұлттық мұраны, спортты, мәдениетті және заманауи отбасылық демалыс форматтарын біріктіретін фестивальдің орталық алаңдарының бірі болып қала береді.