BaiQymyz-2026: бірқатар қоғамдық көліктің жүру бағыты уақытша өзгерді

BaiQymyz-2026: бірқатар қоғамдық көліктің жүру бағыты уақытша өзгерді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 11-12 шілде күндері «Қазанат» ипподромында BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестивалі өтіп жатыр. Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында бірнеше автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

13 шілдеге дейін №18, №37 және №303 автобус бағыттары уақытша өзгертіліп, осы аралықта фестиваль өтетін «Қазанат» ипподромына дейін қатынайды.

Сондай-ақ 11 және 12 шілде күндері аталған маршруттардың жұмыс уақыты сағат 23:00-ге дейін ұзартылды.
Ұйымдастырушылар жол кептелісін болдырмау үшін фестиваль қонақтарына мүмкіндігінше жеке автокөліктің орнына қоғамдық көлікпен қатынауды кеңес етеді.

Фестивальге кіру үшін бір немесе екі күнге арналған билет алу қажет. Ал зейнеткерлер мен 16 жасқа дейінгі балалар үшін BaiQymyz-2026 фестиваліне кіру тегін.