Азия чемпионатынан Астана қоржынында 5 алтын бар

Азия чемпионатынан Астана қоржынында 5 алтын бар

Астаналық спортшылар Азия чемпионатынан олжалы оралды. Олар жасөспірімдер мен жастар арасындағы ескек есуден Азия чемпиондары атанды. Жарыста жоғары нәтиже көрсеткен елордалық өрендерді ата-аналары салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары жалпы саны 5 алтын, 3 күміс медаль жеңіп алды. Жүлдегерлер қатарында Эвелина Костенко, Анастасия Прибыткова, Нұртілек Иман, Мадияр Канекен, Егор Краснонос және Юрий Горбов бар.

- Түркістан қаласында алғашқы рет Азия чемпионаты өтті. 15 мемлекетттен 300-ге жуық спортшы қатысты. Ескек есу жарысына Астана қаласынан алты спортшы қатысып, жеңіс жалауын желбіретіп келді, -деді Астана қаласы әкімдігінің №4-ші балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерев спорт мектебі КММ басшысы Мұхамедрахым Ибраев.

Асантемір Қаршығаұлы