Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында тазалық шарасына атсалысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Экологиялық бастамаға вице-министр мен комитет төрағасы бастаған бүкіл ұжым атсалысты. Қызметкерлер бір кісідей акцияға қатысып, аумақты тазалап, іргелес учаскелерді ретке келтірді.
Мұндай іс-шараларға қатысу ұжым үшін қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлесін қосудың маңызды мүмкіндігі.
«Таза Қазақстан» акциясы барша азаматты қарапайым, бірақ маңызды қағидатқа – тазалық пен тәртіп әрқайсымыздан басталатынына үндейді.