Атыраудан Астанаға - өнер кеші!

Атыраудан Астанаға - өнер кеші!
фото: Креаторларды қолдаудың тұрақты экожүйесі

20 қыркүйекте Atyrau Creative Days аясында Атыраудың шығармашылық кеңістігі «JAIYQ.CORP» арнайы бағдарламасын ұсынып, елорда көрермендерімен кездеседі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кеш барысында концерттік бағдарлама мен спектакль ұсынылып, Атыраудың шығармашылық тынысы мен сахна өнері көрерменге жол тартады.
Бағдарламада концерттік қойылым, спектакль, шығармашылық бағдарлама, өнер иелерімен кездесу жоспарланған. 

Іс-шара Астанадағы Qazaq Creative Hub ғимаратында 20 қыркүйекте сағат 18.00-де өтеді. 
Тіркелу үшін: +7 702 232 83 38