Астаналық құрылысшылар жұмыс орнынан сайлау учаскесіне келді

Астаналық құрылысшылар жұмыс орнынан сайлау учаскесіне келді
фото: видеоскрин

Құрылыс басында жүрген астаналық құрылысшылар сайлау учаскесіне жұмыс орнынан келді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жұмыс формасын киген 10 құрылысшы сайлау учаскесіне құрылыс алаңынан келіп, дауыс берді.

Құрылысшылар жұмыс күні аяқталмастан өз таңдауын жасауды кейінге қалдырмай, сайлау учаскесіне келіп, дауыс берген соң қайтадан жұмыс орындарына оралды. Бұл ерекше көрініс әрбір адамның даусы елдің ортақ болашағына қосылған үлес екенін тағы бір мәрте көрсетті.