Астанада дүниежүзінің еріктілері бас қосады

Астанада дүниежүзінің еріктілері бас қосады

Астанада әлемнің 27 елінен келген еріктілер Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) қозғалысының көшбасшылар слетінде бас қосады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазір аталған шараға қарқынды дайындық жүруде.

Ол биыл қазан айында АӨСШК-нің VI саммиті барысында Президенттің бастамасымен өтеді.

Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың, АӨСШК Бас хатшысының орынбасары Чжан Лианның, Сыртқы істер министрлігі және Астана әкімдігі өкілдерінің қатысуымен ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Кездесуде алдағы слет бағдарламасы, қатысушылардың логистикасы, ұйымдастырушылық-техникалық сәттер мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

АӨСШК еріктілер слеті 3-4 қазанда Астанада өтетінін естеріңізге салай кетейік. Азияның 27 елінен 400 белсенді қатысады. Олар үшін тақырыптық панельдік сессиялар, білім беру және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Слеттің мақсаты - тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы волонтерліктің рөлін белгілеу және Азия елдеріндегі мәдениетаралық диалогын нығайту. Сондай-ақ кездесу маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылауға арналған алаң болады.

Сонымен қатар слет шеңберінде АӨСШК Жастар кеңесінің VIІ отырысы жоспарланған, оның қорытындысы бойынша волонтерлікті дамыту бойынша бірлескен ұсынымдар қабылданатын болады.