Астанада бүгін түстен кейін 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды

Астанада бүгін түстен кейін 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды

2026 жылғы 14 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Таңертеңгі уақытта Астанада ауа температурасы -23°-ты көрсетіп тұрғанмен, оның ызғары −31° болып сезілуде. Күн жауын-шашынсыз. Аздаған жел бар.