Астанада ауыл шаруашылығы өнімдері тонналап сатылуда

Астанада ауыл шаруашылығы өнімдері тонналап сатылуда
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде тұрғындар өңірлерден келген өнімдерді тікелей өндірушілерден сатып алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

«Жәрмеңкеге келіп, қажетті азық-түлігімізді сатып алдық. Өнімдердің түрі көп екен. Әсіресе, Түркістаннан келген көкөністер мен табиғи өнімдерге қызығушылық таныттық. Осындай жәрмеңкелер халыққа тиімді бағада азық-түлік алуға мүмкіндік береді. 

Мәселен мен қызанақ пен қиярдың келісі 600 теңгеден, сары майды 5 000 теңгеден, Ал ақталған жаңғақтың келісін 3 000 теңгеден алдым», – дейді елорда тұрғыны Жансая Кабиева.